Аймақты таңдаңыз
    KZ RU
    Аймақты таңдаңыз
    Қазақша
    Русский
    Тіркелу Кіру
    Басты
    Пайдаланушылардың пікірлері
    Пайдаланушылардың пікірлері
    Асанов Төрехан: Аталған
    Аталған жылдың тамыз айында балам Нәлжігіт Нұрасылды Кентау қаласындағы А. Бөкейхан атындағы №23 мектепке mektep.sitcen.kz сайты арқылы бірінші сыныпқа тіркедік. Тіркеу барысында қиындықтар болған жоқ. Үйде отырып-ақ, мектепке бармастан баланы онлайн тіркедік. Ең оңайы осы екен. Құжаттарды өткізу де оңай, бұрынғыдай біршама құжат жинамаймыз, тек қолдағы 4 құжат жүктеп жіберсек жеткілікті екен. Сайтқа берер бағамыз өте жақсы. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
    Жауылбаева Раушан
    2018 жылдың шілде айында ұлым Алдаберген Айсұлтанды Кентау қаласы Ш. Қанайұлы атындағы №2 мектепке mektep.sitcen.kz порталы арқылы бірінші сыныпқа тіркедік. Ешқандай қиын болған жоқ. Сынып жетекшісі жаңа сайт арқылы тіркейтінімізді айтқан соң, құжаттарымызды сканерлеп, бір мезетте баламызды тіркедік. Бәрі ыңғайлы.
    Айжарықова Гаухар
    Үстіміздегі жылдың жаз айында ұлым Дәулетияр Адай Алтайұлын Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясына бірінші сыныпқа mektep.sitcen.kz сайты арқылы тіркеген болатынбыз. Сайт ата-анаға өте ыңғайлы жасалған. Мектепке барудың, есік-есікті қағып құжат жинаудың еш қажеті жоқ. Әлемнің қай бұрышында жүрсең де, тек интернетке қол жетіділігің болса жеткілікті. Еш қиындықсыз, қысқа мерзімде баламды мектепке тіркедім. Сайт инженерлеріне үлкен рахмет!
    Кері қайту