«Болашақ» бағдарламасының түлектері отандық жұмыс берушілер арасында зор сұранысқа ие — Ж. Мелдешов

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының жетінші бағытының аясында Елбасы айқындаған мақсаттарды ескерумен Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа міндеттері туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов айтып берді.

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда 1,1 млн жуық қазақстандық азаматтар колледждер мен ЖОО-лар студенттері, оның ішінде 100 мыңға жуық қазақстандық шетелде білім алып жатыр.

 

«2016 жылдың қыркүйек айында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ біршама кеңейтілді. Егер бұрын Орталық тек «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендірумен ғана айналысса, қазіргі кезде үкіметаралық келісімдерді іске асыру, шетелдерде білім гранттары бағдарламаларын дамыту, сонымен қатар қазақстандық білім беру интернационализмі бойынша міндеттер қосылды», — деді Ж. Мелдешов.

Үкіметаралық келісімдердің аясында бөлінетін гранттар саны 2016 жылдан бері 2,6 есеге артқан (2016 жылы — 171, 2018 ж. — 890). Орталықтың аса маңызды міндеттерінің бірі әлемнің жетекші ЖОО-ларында сапалы тегін білім алу үшін мектептердің, колледждер мен ЖОО-лардың түлектерін демеу көрсету. Мәселен, шетелдік ЖОО-лармен тікелей келіссөздер жүргізудің арқасында биыл Қазақстан азаматтары үшін Германия, Франция, Испания, Италия, Чехия, Қытай, Корея, Малайзия және т.б. елдерде 20 мыңға жуық грант тартылды. Келесі жылдың соңына дейін гранттар санын 40 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

 

Ж. Мелдешов қазақстандықтарды шетелдерде оқу мүмкіндіктері мен жағдайлары туралы ақпараттандыру үшін Орталық 2017 жылдан бастап «International Education Fair» көрмесін өткізіп келе жатқанын айтты. Биыл қараша айында Астана, Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында 4 көрме өткізу көзделіп отыр, оған әлемнің 200-ден астам жетекші университеттері қатысады.

 

Орталық басшысы айтып кеткендей, қазақстандық білімді интернационалдандыру — білім хабын құру маңызды міндет болып табылады. Шетелдік студенттерді қазақстандық ЖОО-ларға түсуге тарту үшін 2017 жылы Орталық Азия, Қытай, Үндістан елдерінде «Қазақстандық білім күндері» көрмелері өткізілді. Биыл осындай көрмелер Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде өтті. Нәтижесінде, қазақстандық ЖОО-ларда білім алатын шетелдік азаматтар саны 14 мыңға дейін артты. 2018–2019 оқу жылдарында бұл санды 20 мыңға жеткізу көзделген.

 

Журналистердің «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы сұрақтарына жауап берген Ж. Мелдешов бағдарлама түлектерінің 99% жұмысқа орналасқанын, жұмыс берушілер арасында үлкен сұранысқа ие екенін жеткізді.

 

Олардың қайтарымдары туралы айтар болсақ, ХБО басшысының айтуынша, әрқайсысының нақты үлесін бағалау өте қиын. Мәселен, Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес, шетелдік білім алуға жұмсалған бір доллар, кейіннен 15 доллар ретінде қайтарылады. Сондай-ақ, Орталық басшысы медицина саласында жұмыс істеп жүрген түлектерді мысалға келтірді.

 

«Бүгінде кардиохирургияда 32 «Болашақ» түлегі жұмыс істейді. Олар 32 мың күрделі операция жасаған. Егер әрбір операциядан үнемдеу 3 мың долларды құраса, онда жалпы сомасы қандай екенін есептеу қиын емес. Тағы бір айта кетерлік маңыздысы – Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырғанға дейін жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім бірінші кезекте болса, қазіргі таңда үшінші орынға төмендеген. Бұл бағдарламаның нақты нәтижелерінің бірі», — деді Ж. Мелдешов.

Оның айтуынша, «Болашақ» түлектері денсаулық сақтау, білім беру, ғылым салаларын дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Қазіргі таңда бағдарламаның 400-ге жуық түлегі Назарбаев Университетінің зертханаларында жұмыс істейді. Алдағы жылдары АT-саласының, киберқауіпсіздік және басқа да жаңа бағыттардың мамандарына сұраныс жоғары болмақ.

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz