Аймақты таңдаңыз
KZ RU
Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар
Республикалық комиссия бастауыш сынып оқулықтарын пысықтауға жіберді
Республикалық комиссия бастауыш сынып оқулықтарын пысықтауға жіберді

БҒМ басшысы жұртшылықты оқулықтарды редакциялауға қатысуға шақырды.  Іс-шараны "Оқулық" орталығы мен ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті ұйымдастырады.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жұртшылықты оқулықтарды редакциялауға шақырды, деп хабарлайды тілшісі BNews.kz.

"Оқулық-балаларды оқыту құралдарының бірі ғана. Жаңа стандарттарда мұғалім кадрларын да, сарапшыларды да, авторларды да даярлау жүріп жатыр. Сондықтан, бір күні авторлар қайта құрыла алмайды. Көріп отырғанымыздай, белгілі бір кемшіліктер бар", - деді Күләш Шамшидинова Үкімет отырысында.

Министр 2019 жылғы республикалық комиссия өз жұмысын аяқтағанын, бастауыш мектептің кейбір оқулықтарын пысықтауға жібергенін атап өтті.

"Сонымен қатар, жақында оқулықтардың қоғамдық оқуы болады. Іс-шараны "Оқулық" орталығы мен ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті ұйымдастырады. Жарияланар алдында өткен жылдағыдай қоғамдық оқу болады", - деп толықтырды министр.

Фото: ашық көздерден.

Ақпарат көздері: BNews.kz