Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар
Қазақстанның құрама командасы математикадан халықаралық олимпиадада 3-орын алды.
Қазақстанның құрама командасы математикадан халықаралық олимпиадада 3-орын алды.

Жасөспірімдер арасындағы халықаралық олимпиадада (Родос қаласы, Грекия) Қазақстан құрамасы 22 елдің өкілдері арасында Румыния мен Сербиядан кейінгі 3-орын алса, 7 қонақ елдің ішінде 1-орын алды, бұл жөнінде ҚР БҒМ жанындағы "Дарын" РҒТО баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль алды. Данат Дүйсенбеков (Астана қ. Білім инновация лицейі) пен Нұртас Шынтас (Алматы қ. Білім инновация лицейі) алтын алса, Асылбек Олжабаев (НЗМ, Алматы қ.), Тамерлан Бурамбаев (РФММ, Астана қ.), Тоғжан Шынтай (№165 мамандандырылған лицей, Алматы қ.) күміс медаль иеленді, ал қола Ярослав Топоровқа (РФММ, Алматы қаласы) бұйырды.

Олимпиадаға барлығы 132 жас математик қатысты. JBMO-2019 Кипрда өтеді.

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz